$ 481.84  531.33  5.07

Гүлназ Жоланованың күйеуі танымал кәсіпкердің ұлы екендігі белгілі болды

Өскемен қаласындағы бірнеше ресторан мен отельдердің иесі.
Фото: Видеодан алыңған кадр
Фото: Видеодан алыңған кадр

Актриса Гүлназ Жоланованың жолдасы белгілі кәсіпкер Мұхтар Тойбазаровтың ұлы екендігі белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Oтандық шоу-бизнестегі танымал актрисалардың бірі Гүлназ Жоланова 2023 жылдың ақпан айында тұрмысқа шыққан болатын. Үйлену тойының кадрларымен енді ғана бөліскен актриса өміріндегі маңызды күнді алғашында оқырмандарынан жасырып келген еді.

Оған себеп "күйеуім өнерге қатысы жоқ адам, оны бұл салаға мүлдем араластырғым келмеді", -  деп жазған болатын Гүлназ Жоланова.

Актриса инстаграм парақшасына "Естелік болсын!" деп тойдан ерекше видео жариялады. Актриса атаулы күнге "Орда" тобын арнайы шақырған.

Белгілі болғандай, Гүлназ Жоланованың күйеуінің әкесі – ресторандар желісінің иесі, белгілі кәсіпкер Мұхтар Тойбазаров. Өскемен қаласындағы бірнеше ресторан мен отельдердің иесі. 

Кәсіпкер "Пять звезд" ЖШС директоры және жалғыз құрылтайшысы, "Резиденция Остров" демалыс және демалыс орталығының негізін қалаушы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары