Ninety one тобының экс-мүшесі Азамат Зенкаев "Алғашқы" бағдарламасында алғаш рет бұрынғы сүйіктісі Ерке Есмаханға қатысты сұхбат берді. Әнші Ерке Есмахан мен Раимның неке қидырғанын қалай қабылдағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бағдарлама жүргізушісі Аман Тасыған "Раим мен Еркенің бақытты болуын қалай қабылдадың?", - деп сұрады Азамат Зенкаевтан.
"Бақытты болсын деп. Жақсы болсын бәрі. Күшті болсын деп қабылдадым. Өте күшті қабылдадым. Жо-жоқ... Ол нәрсені ойлап, мұңға батуға уақыт жоқ. Менде басқа қырлары жетіп жатыр ғой. Бәрі айтады. Маған хабарласып, "бірдеңе, қалайсың" деген әңгіме айтады.
Мен "Қудыртпаңдарш, қойыңдаршы. Бастарың істемей ме? Не айтып жатсыңдар?" деймін. Өмірде қосылу болады, ажырасу болады. Әр адам өз өмірін сүреді. Әр адам өзі біледі деген сияқты. Сол себептен бәрі жақсы болса, ең бастысы бақытты болса болды. Бір-бірін тауып жақсы болса, мен қуанамын. Біреудің қуанышына неге қуанбасқа? Баянды, өмір бақи болғанын қалаймын", - деді Ерке Есмаханның бұрынғы сүйіктісі.