Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова тек қана әйел қауымдарды шақырып, туған күнін дүркіретіп өткізді.
Алайда Жұлдыздың енесі Гүлзира Айдарбекова бұл туған күнде бой көрсетпеді, - деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
Желі оқырмандары "Анасы мен енесі ұрысып қалған ау, енесі көрінбейді", "Енесі, атасы, қыздары тойда жоқ қой әлде Жұлдыздың анасы жүрген жерде, Гүлекең жүрмей ме? Өте керемет той, Жұлдыз да нағыз жұлдыз", "Өзінің анасы жүр, енесі келмепті. Осы құдағайын онша ұнатпайды-ау. Гүлзира ханым үйіне де бармайды, ортаншы құдағайымен жақсы араласады" деп жазды желі оқырмандары.
Алайда Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбековтың Грузияда демалып жүргендері белгілі болды.