01.05.2023, 16:30

«Басынан сөз асырмайтын»: Нұрлан Албан Ақбота Керімбекованың жас кезінде төбелескіш болғанын айтты

Фото: instagram/botakerim
Оның тек қана бір құралы дайын тұратын. Ол - жұдырық. Жоғары курс па, төменгі курс па, қарамайтын.

Елімізге белгілі әнші Нұрлан Албан өнердегі әріптес-досы Ақбота Керімбекова жайлы пікір айтып, оның жас кезінде төбелеске жақын болғанын айтты, деп хабарлайды  nur.kz порталы. 

"Талай Ботаның төбелесін көрдім. Институт кезінде Боташ кішкене тентектеу болды. Жоғары курс па, төменгі курс па, қарамайтын. Басынан сөз асырмай... Егер басынан әлдеқандай сөз асып кетсе, ол қыз балалар секілді ұрыспайтын. Оның тек қана бір құралы дайын тұратын. Ол - жұдырық. Қазақта "текті тентек" деген сөз бар. Мен Ақботаны ойланбастан текті тентектердің қатарына қосатын едім", - деді Нұрлан Албан.

Осы орайда, Ақбота Керімбекова да әріптесінің бұл пікірін растады.

"Мен ұрсыса алмаймын, негізі. Көп сөз айтып тұрғанша, бір рет ұра салған жақсы", - деді әнші. Айта кетелік, бұған дейін Айгүл Иманбаева бала кезінде Ақбота Керімбековадан таяқ жегенін мойындаған болатын.