Отандық атышулы әнші Динара Әлжан “Менің өмірім” бағдарламасында кино саласына бет бұрғанын айтып, тіпті режиссерлерден ұсыныс түсіп жатқанын жасырмады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Мен өнер жолын, өзімнің өнерімді жақсы көремін. Қазір кино саласына өтіп, өзімнің өмірбаяным туралы кино түсірсем бе деймін. Режиссерлерден көп ұсыныс түсіп жатыр. Шетелден “кітап жазбайсыз ба?” деген ұсыныстар да жоқ емес. Алдағы уақытта көре жатарсыздар. Оның ішінде ашылмаған қанша құпия бар. Соның бәрі киноға шығады деп ойлаймын”, – дейді әнші алдағы жоспарларымен бөлісіп.
Динара Әлжан кино саласына танымал актер Әбунасыр Серіковтың арқасында келгенін жасырмады.
“20 шақты киноға түстім. Мен негізі актриса боламын деп ойламадым. Бірақ Әбунасыр ағам: “Сен актрисасың, саған актриса болу керек. Кастингке бар, қалма”, деп демеу берді. Сол кісіге ризамын.Әбунасыр ағаның арқасында киноға түсіп кеттім. Сөйтіп бір кастингке бардым. Француздар Қазақстанда кино түсіріп жатыр екен. Бағымды сынап көріп едім, оларға ұнаған көрінеді. “Сіз идеально келіп тұрсыз, бірақ арықтауыңыз керек. Бір ай уақыт береміз. Үлгеріңіз”, деді. Менің салмағым сол кезде 85 келі еді. Өзіме “қосалқы кейіпкерді ойнасам да, киноға түсемін” деп уәде бердім. Содан боксқа қатыстым, дұрыс тамақтана бастадым, кешкі алтыдан кейін тамақ ішпей 20 келі тастадым”, – дейді Динара Әлжан.