$ 498.34  519.72  4.85

Құрмаш Махан танымал әндерінің бәрі бір аруға арналғанын мойындады

Бір емес тоғыз ән.
Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы
Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Қазақстандықтарға кеңінен танымал отандық әнші Құрмаш Махан бірнеше әнінің бір аруға арналғанын айтты. "Ұйқым келмейді" бағдарламасына келген әнші тоғыз хитін жазған арудың бойдақ кездегі музасы екенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі Зарина Омарова әншіден "Сіздің барлық хит әндеріңіз бір қызға арналған екен. Тоғыз ән жазыпсыз", - деп сұрады.

Ал әнші ол әндердің барлығы бойдақ кезіндегі музасына арналғанын ашып айтты.

"Ол - ақиқат. Ол - шындық. Дұрыс түсініңіздер, ол Құрмаштың бойдақ кезіндегі музасына арналған. Бір емес, тоғыз ән. Оның соңғысы, "Аңсарымның" жалғасы "Ұнайды" деп 2022 жылы шықты. Сол әнмен соңғы нүктесін қойдық. Қазіргі музам менің ас бөлмемнің командирі, балаларымның, ошағымның ұйытқысы - жолдасым", - деді Құрмаш Махан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары