Ұлықпан Жолдасов пен Айған Жолдасова отбасылық қиындықтарға тап болғанда, өздерінің тығырықтан қалай шыққанын айтып, әңгімелерін Jibek Joly арнасындағы "Төрлетіңіз! Арман&Ләйлә шақырады" бағдарламасында бөлісті, деп жазады nur.kz.
"Муза және махаббат" тақырыбындағы кезекті бағдарламаға қатысқан Жолдасовтар жанұясы "отбасылық тығырықтардан, кішігірім келіспеушіліктерден қалай шықтыңыздар?" деген Ләйла Сұлтанқызының сұрағына былай деп сұраққа жауап берді.
"Ештеңе етпейді. Біраз шыдаймын, шыдаймын. Бірақ кейін шал болады ғой, сол кезде кетіп қаламын дейтінмін", - деп күліп жауап берді Айған Жолдасова.
Айған Жолдасова үйленген кезде алдымен сезім көп нәрсені шешсе де, кейін шыдамдылық керек екенін айтты.
"Ер адамға сәл иілсең, береке болатынын бәріміз білеміз. Отбасында сенім, сыйластық, кешірімшіл болсақ қана, отбасының ғұмыры ұзақ болады", - дейді сазгердің әйелі.
Ал, Ұлықпан Жолдасов ашуланса, түнгі уақытқа да қарамай студияға кетіп қалатынын атап өтті.
Сондай-ақ, бірінші қадамды әйелі жасайтынын айта кетті.
"Маған айтады: "Ертең шал болған мен саған көрсетемін. Айтамын ғой, мен шал болғанда, сен кемпір болмайсың ба? деймін", - деп қалжыңмен жауап беретінін еске түсірді Жолдасов.