$ 498.34  519.72  4.85

«Махаббатарың бітті ме?»: Шахизаданың төртінші күйеуі бұрынғы әйелімен қайта қосылды

Ержанбаев әйеліне жаңа ән арнап, видео түсіріп үлгерген.
Фото: instagram.com/yerbolaterzhanbaev
Фото: instagram.com/yerbolaterzhanbaev

Танымал әнші Шаһизада өзінен 18 жас кіші өнер иесі Ерболат Ержанбаевпен бас қосып, оны халыққа сүйіктісі ретінде таныстырған болатын. Кейін Ержанбаев өзіне үш ұл сыйлаған әйелінің суретін жариялап, көпшілікті ойлантып қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жүрегімнің ішіндегі жүрегім. Үш ұлымның аяулы анасы. Есімі - Мереке, елі - Қоңырат Құлшығаш ( Шымкент сити ). Біз бақытты жандармыз, Аллаға сансыз шүкір. Бізде бәрі жақсы", - деп жазды Ерболат Ержанбаев.

Осылайша, Ержанбаев әйеліне жаңа ән арнап, видео түсіріп үлгерген. Әншінің бұл қадамын көрермендер мен оқырмандар түсіне алар емес. Көпшілік жақында Шаһизадамен бірге жүріп, телеарна эфирінен бірге ән айтып, көпшілік алдында сезімін білдірген Ерболатқа өкпесін айтуда. Ерболат Ержанбаев сүйіктісі Мерекемен.

"Шахизадаң 60-та, өз әйел бала шағаңа ешкім жетпейді. Алғашқы бақ - нағыз бақ, одан кейінгі өмір бойы саған дақ. Мына істегенің ер жігітке жараспайды. Шахизадаң да, сен де ән салмай-ақ қойыңдаршы, жиіркенішті"; "Шахизадаң қайда? Махаббатарың бітті ма?"; "Ойнап болса да олай жасауға болмайды. Жас бала емессің...Қанша жерден келісіп жасасаң да ұят тірлік...Содан атың шығып, керемет боп кетсең де", - деп жазды желі қолданушылары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары