19.05.2023, 17:20

«Күйеуің қайда». Сабина Алтынбекова көпті мазалаған сауалға жауап берді

Фото: instagram.com/altynbekova_20
Ең өзекті сұрақтардың бірі.

Белгілі спортшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желісіндегі парақшасында көпшілікті мазалаған сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Instagram stories-те оқырманның бірі "Күйеуің қайда? Екі жаққа кеттіңдер ме?" деп Сабина Алтынбековаға сауал жолдаған.

Өз кезегінде отандық спортшы "Ең өзекті сұрақтардың бірі. Бұл туралы кейінірек толығырақ айтып беремін", деп қысқа қайырды.