20.05.2023, 17:30

«Жігіттер» тобы ең алғаш сахнаға 5000 теңгелік костюм киіп шыққанын мойындады

Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы
Басталғанда киімге жарыған жоқпыз.

Қазақстандықтарға кеңінен танылған "Жігіттер" тобының құрылғанына биыл 20 жылдың жүзі толған. Топ мүшелері "Ұйқым келмейді" бағдарламасында естелігін бөлісіп, ең алғаш сахнаға киіп шыққан костюмін 5000 теңгеге алғанын жасырмай айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Топ басталғанда киімге қатты жарыған жоқпыз. Қара костюм 5000 теңгеден алынды. Төрт костюм-шалбар алдық. Ең алғаш университеттің атынан республикалық байқауға Атырауға бардық. Сол кезде біздің киіп шығатын костюміміз КВН ойыншыларыныкі еді. "Аманатқа қиянат жасамай, әкеліп береміз" дедік. Бірақ, Еркін (Нұржанов - ред.) шалбарын үтікпен күйдіріп тастады. Сол қиянат болып қалды. Басталғанда киімге жарыған жоқпыз. Киетін киім жоқ. Әбдіхан (Нұрмаханбетов - ред.) ағайымыздың конкурсқа киген киімдері бар екен. Төртеуімізге бір-бір көйлек берді. Сол кісінің көйлектерін киіп шықтық", - деп еске алды топ мүшесі Бағлан Әбдірайымов.