20.05.2023, 23:30

Әнші Айдар Тұрғанбек қыз ұзатуына байланысты мәлімдеме жасады

Фото: instagram.com/aidar_turgambek
Бізде оңтүстікте баяғыда ұзатуға әнді ер адамдар айтатын болған.

"Жігіттер" квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбек осыдан бірнеше жыл бұрын қыз ұзатып бастаған болатын. Әнші көпшіліктің қызу талқысына түскен бұл ісіне байланысты "Ұйқым келмейді" бағдарласында мәлімдеме жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бізде оңтүстікте баяғыда ұзатуға әнді ер адамдар айтатын болған. Ұзатуға қыздар айтатын ән жоқ. Бізде қыздар ұзатпайтын еді. Кейін шықты ғой, 2009 жылдары.

Оған дейін "Жылама, қызым", "Өзіңдей қарындасты қайдан табам", "Қарындасым, қарлығашым, барған жерде бағыңды ашсын" деген секілді өңшең әкесінің қызына, ағасының қарындасына айтатын әні бар еді. Біз соны көрдік те, айттық тойларда. Қыздар кейін шықты.

"Қарындасқа тілек" деген әнімді айтып тұрам. Сол әнімді айтып тұрғанда жеңгелері алып кетеді. Бізде оңтүстікте ұзатылған қарындасын ағасы шығарып салу әлі бар", - деді Айдар Тұрғанбек.