$ 498.34  519.72  4.85

Сабина Алтынбекова ажырасып кетті ме? Спортшы пікір білдірді

Желіден бірге түскен суреттерді алып тастадым.
Фото: instagram.com/altynbekova_20
Фото: instagram.com/altynbekova_20

"Forbes" журналының ең бай спортшы тізімінде 11 орынға жайғасқан отандасымыз Сабина Алтынбекова туралы желіде қауесеттер тараған еді. Спортшы бұл сұраққа "Ревю" бағдарламасында жауап берді, -эдеп хабарлайды Massaget.kz.

Волейболшы, Сабина Алтынбекова 2020 жылы кәсіпкер Саят Салманұлына тұрмысқа шығып, 2021 жылы ерлі-зайыпты ұлды болған. Бірақ, соңғы кездері Сабина расымен ажырасып кетті ме? - деген қауесет тарады. Спортшы әлеуметтік желіде фотоларды өшіруге өзіндік себеп бар бірақ ажырасу туралы әңгіме өтірік екенін айтты.

"Мен бұл сұрақтың жауабын өзімнің instagram парақшама жариялағанмын. Бұл қауесет өтірік. Бізде бәрі жақсы. Жақын уақытта бірге түскен әдемі фото, видеоларды шығарамын. Ал желіден бірге түскен суреттерді алып тастадым, себебі бізге көз де, сөз де тигенін қаламаймын", - дейді спортшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары