$ 441.66  475.14  4.86

Белгісіз арумен көзге түскен Қайрат Нұртастың басы дауға қалды

Бірі видеодағы ару әншінің әйелі Жұлдыз десе, енді бірі Жұлдыз емес, "екінші әйелі" дейді.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде Қайрат Нұртастың "көңілдесімен жүрген" видеосы тарады. Әншінің өкілдері бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео TikTok-та тарап кетті. Онда өнер иесі көлікке бір қызбен отырғаны көрсетілген. 

Massaget.kz тілшісі бұл ақпараттың рас-өтірігін анықтау үшін өнер иесінің өкілдеріне хабарласты. Олардың айтуынша, әдетте, мұндай жағдайға қатысты пікір білдірмейді. 

"Онда кімнің қандай шатағы бар?" - деп жауап берді өнер иесінің өкілі. 

Өнер иесі Instagram-парақшасында белгісіз арумен видео жүктеді. Видеоның сипаттамасына ол "Табиғатым" деп жазған. 

Желі қолданушылары әншінің бұл видеосына түрлі пікір қалдырған. Бірі видеодағы ару әншінің әйелі Жұлдыз десе, енді бірі Жұлдыз емес, "екінші әйелі" дейді. 

Қайрат Нұртастың мобилографы Шарын шатқалына барып, "Табиғатым" атты жаңа әнге видео түсіргенін Instagram Stories-інде бөлісті. Ал белгісіз ару сол бейнеклиптің кейіпкері болмақ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары