Әнші Шахизада танымал тележүргізуші Дина Төлепбергеннің бағдарламасын ақиқаттан алыс екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Астарлы ақиқат” бағдарламасының аты дұрыс қойылмаған екен. Олар Ерболат екеуіміздің арамыздағы айғай-шу, өсектің анық-қанығын білмесе, қайдан ақиқатын айтады? Болған жағдайдың анығын біз ғана білеміз. Олар өсекке, әлеуметтік желідегі комментарийлерге, өтірік жазатын сайттарға сеніп, бізді шақырып отыр. “Шахизаданы ұрып, тастап кетіпті”, “Әйелінен кетіп қалыпты”, “Әйелімен жатпай қойыпты” деп жазған сөздердің бәрі хайп. Бұл істің анық-қанығын Ерболат екеуіміз, Жеңіс Ысқақова, досым Сердос және мен жұмыстан шығарып жіберген Жайна деген бұрынғы көмекшім біледі”, – дейді Шахизада.
Әлеуметтік желіде тараған Шахизаданың бұл видосының астына көпшілік пікір жазып қалдырды. Желідегілердің басым көпшілігі атышулы әншіні сынап жатса, енді бірі бағдарламаның шынайылығына күмән келтірмейтінін жазды.
“Бағдарламаны шоу деп ойламаймын. Ақиқатты айта алмаған өзіңіз кінәлісіз”, “40 жыл қасықтап жинаған абыройын бір-ақ күндік өсекке бола төгу керек пе?”, “Осындай әңгіме айтып отыруға намыстанбайсыңдар ма?”, “Дина Төлепбергенді құрметтеймін”, “60 -қа келгенде саған хайп неге керек?”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.