27.05.2023, 05:30

«Немере күтіп отырмыз»: Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева келінінің жүкті екенін айтып қойды

Фото: видеодан алынған кадр
Айтыскердің сөзінше, келінінің босануына аз ғана уақыт қалған.

Танымал айтыскер ақын көпшілікке сүйінші хабарын жеткізді.

Ол жалғыз келінінің жүкті екенін желіде жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа портлы.

Айтыскердің сөзінше, келінінің босануына аз ғана уақыт қалған.

«Ал немереміздің дүниеге келуіне санаулы күндер қалды... Ұл балаға қандай ерекше есімдер бар? Керемет есім тауып берсеңіздер керемет сыйлық жасаймын...», - деп жазды ол.

Көпшілік ақынның бұл жаңалығына сүйсініп, ақ тілектерін жаудырған.

«Жақсы жаңалық екен, салиқалы ұрпақтан болсын», «Осынша уақыт қалай жасырып жүрдіңіз, қызық», «Қуаныштымыз, ата-анасы, сіз сияқты әжесі аман болсын» деп жазды олар.