Танымал әнші Медеу Арынбаев осыдан бірнеше жыл бұрын Төреғали Төреәліні әншілер санатына қоспайтынын айтқан. Базарlike бағдарламасында ол бұл пікірін түсіндіріп берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Әнші дегеннің дәрежесі жай сөз еместігін айтқым келеді. Әнші деген - үлкен тылсым, феномен. Әнші деген - атақ. Мұны халық бере ме, өнер ұжымынан құрылған құрылтай бере ме... Уақытпен келетін нәрсе. Төреғали ол кезде бала ғой, құдай-ау. Әнші емес дегенім, адам емес деген сөз емес.
Ең жаманы - адам емес деген сөз. Ол кезде Төреғалидің тұлға болып қалыптаспағанын айтқым келген. Қалыптасты. Әнді жеткізе алады. Бірақ дүлдүл әнші, бұлбұл әнші емес дегенім ғой. Вокалист емес дегенім ғой. Вокалист деген - дауыс иесі. Бірақ ол әнші ме, әнші емес, тағы сұрақ. Бұл үлкен ғылым", - деді Медеу Арынбаев.