$ 494.87  520.65  4.91

«Бақыттымын»: сүйіктісімен бірге Қазақстанға келген Әсел Сәдуақасова жаңалықтарын бөлісті

Елге келуіне себепкер болған өзінен 7 жас кіші жігіт Мағжан Тілеухан есімді сүйіктісі екенін атап өтті.
Іnstagram.com/asselsadvakassova
Іnstagram.com/asselsadvakassova

Шетелге Қазақстанға қайтып келген актриса, кинопродюсер Әсел Сәдуақасава отандық бағдарламаға берген сұқбатында алдағы жоспарларын айтып берді. Бұл туралы "НТК" арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бағдарламада актриса елге келуіне себепкер болған өзінен 7 жас кіші жігіт Мағжан Тілеухан есімді сүйіктісі екенін атап өтті. Сәдуақасованың сөзінше, олар Қазақстанға келіп, бірге тұруға бел буған.

"Жаз бойы Қазақстанда боламын деген жоспар жоқ. Әр мемлекетте тұрып көргім келеді. Әр сапар адамның дүниетанымын өзгертеді. Маған АҚШ пен Дубай ұнайды" , - дейді актриса.

Әсел Сәдуақасова тойдың қашан болатынына қатысты нақты уақытын айтпады.

"Дәл қазір той қашан болатынын нақты айта алмаймын. Ең бастысы, бақыттымын, жұбым бар. Бәрі уақыт еншісінде. Той болса, бірінші болып білесіздер",- деп жауап берді.

Сонымен қатар бүгінде психолог ретінде танылып, әйелдерге тренинг өткізіп жүрген кинопродюсер алдағы жоспарлары мен жаңалықтарын бөлісті.

"Инфобизнес саласында жұмысымды жалғастырамын. Елге осылай пайдам тиіп жатқанын білемін. Жұмыс ретінде де жақсы көремін. Ал киноны хобби ретінде қарастырамын", - дейді Әсел Сәдуақасова.

Бұдан бөлек актриса кітап жазуға кіріскенін атап өтті. Ол келешекте әйелдер туралы трансформациялық фильм таспаламақ, фильмнің идеясы дайын тұрғанын айтты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары