Халық әртісі Роза Рымбаеваның осыдан 33 жыл бұрынғы өнер көрсеткен сәтінің видеосы желіге тарады. Әнші естелігін Instagram желісінде бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"33 жыл бұрын таспаланған видео. Оқырмандарым жіберіпті. Қайтып келмес кездер-ай", - деп жазды Роза Рымбаева. Ал желі қолданушылары әншінің таланты мен сұлулығына тәнті екенін жарыса жазды.
"Тура осы видеоңызды ата-анаммен бірге тамашалаған едім", "Жанды дауыс керемет", "Тамаша", "Қайта-қайта тыңдап, арасында қосыла айтып, рахаттанып қалдым", "Ұзақ ғұмыр тілеймін", "Осы бейнеңіз менің балалық шағымды еске түсіреді". "Таза дарын деп осы кісілерді айту керек", "Керемет концерт болып еді", "Роза апайымыз аңыз адам ғой", "Жүз жасаңыз", "Шырқай беріңіз", "Дауысы неткен керемет еді?", "Тамаша орындау", - деп жазды желідегілер.