06.06.2023, 11:40

«Артық 30 келі салмақ»: Төреғалидің қарындасы толық кезіндегі суреттерін жариялап, қызу талқыға түсті

Коллаж: Stan.kz
Бірақ көпшілік блогердің бұрын-соңды мұндай толық болғанына сенбеді. Желі қолданушылары Дина Төреәліні “суреттерге фотошоп жасадың” деп сөкті.

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі өзінің толық кезіндегі суретін жұртқа жария етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Мына шексіз әлемде өзіңді шектеме. Мына видеоны көріп өткенімді еске түсіріп бір жылап алдым, кәдімгідей денем тітіркеніп кетті. Сол артық 30 кг салмақпен жүрген кезім. Мен сіздерге “мүмкіндігінше ертерек бастау керек және белсенді әрекет ету керек”- деп үнемі айтамын, өзіңізді керемет ынталандыратын нәрселермен қоршап алыңыз. Мен бұл мәселені, басқа ойлар болмағандықтан немесе басқа ісім болмағандықтан айтып отырған жоқпын, менде де, көп адамдар сияқты, мұң басып, басымда бір ғана ой болған: "Неге мен ертерек бастамадым? Ертерек бастағанда мен өзімді мүлдем басқаша сезінетін едім". Болашақтағы - сен, дәл қазір бастағаның үшін қазіргі өзіңе риза болады. Күмәндануды азайтып, әрекетті көбейт! Бәрі сенің ғана қолыңда”, – деп жазды әншінің қарындасы.

Дина Төрелі осы жазбасымен артық салмақтан арыла алмай жүрген қыз-келіншектерді өзгеруге ынталандырды. Айтуынша, 30 келі артық салмақты 3 ай ішінде тастаған. Бірақ көпшілік блогердің бұрын-соңды мұндай толық болғанына сенбеді. Желі қолданушылары Дина Төреәліні “суреттерге фотошоп жасадың” деп сөкті.

“Сен мұнша толық болмадың ғой. Суретті үлкейтіп қойған сияқты”, “Суреттегі қыздың сіз екеніне сенбеймін”, “Фотошоп жасап, адамдарды алдап қайтесің?”, – деп пікір қалдырды желідегілер.