18.06.2023, 14:30

«Рахмет, папа… Маған берген қанаттарың үшін»: Димаш Құдайберген атасына арнап әсерлі жазба қалдырды

Фото: massaget.kz
100 мектеп бере алмайтын рухани тәлімің үшін…Саған деген алғысымды сөзбен жеткізе алмаспын.

Атасын ақтық сапарға шығарып салған Димаш Құдайберген Instagram парақшасында әсерлі жазба жариялады. Ол атасын әке деп, рухани тәлімі үшін рахмет айтады, деп жазады massaget.kz. 

"Рахмет, папа… Маған берген қанаттарың үшін, маған көкке қалай көтеріліп, көкжиегімді кеңейтуді үйреткенің үшін, 100 мектеп бере алмайтын рухани тәлімің үшін…Саған деген алғысымды сөзбен жеткізе алмаспын. Айтқандарымнан айтып, үлгермегендерім көп. Қош бол,әкетай! Мәңгі жүректесің! Жаның жұмақтан орын тапсын. Сенің,кенжетайың… Барлық көңіл айтып жатқан ағайындарға, Алла разы болсын! Отбасыларыңызда қайғы-мұң болмасын…"

Мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде еңбек сіңірген, елдің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Димаштың атасы Құдайберген Айтбаевқа "Ерен еңбегі үшін" медалі 2019 жылы берілген болатын

Еске салайық, 13 маусымда белгілі қазақ әншісінің атасы Құдайберген Айтбаев қайтыс болды.