$ 494.87  520.65  4.91

«Анам сыпыртқымен ұрды»: Әнші Сара Амангелді қызық оқиғасымен бөлісті

Ешкімге айтпай бәс үшін секіргенмін.
Фото: ©instagram.com/amangeldieva_sara
Фото: ©instagram.com/amangeldieva_sara

Қалың көпшілікке “Келінжан” сериалындағы Асылым рөлімен танылған әнші Сара Амангелді әлеуметтік желідегі парақшасында бастан өткен қызық оқиғасын баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші осыдан төрт жыл бұрын әлдекіммен бәстесіп, биіктен секіргені үшін анасының оңбай жазалағанын айтты. 

“Мен негізі таза Томириспін ғой. 4 жыл бұрын дух вагон ғой. 2019 жыл. Ешкімге айтпай бәс үшін секіргенмін. Мама осы видеоны көргеннен кейін "Өзім өлтіре салайын” сыпыртқымен қуып ұрды ғой”, – деп жазды өнер иесі. 

Бейнежазбада Сара биік ғимаратқа шығып, нұсқаушының көмегімен төменге ойланбастан секіреді.

Видеоны көрген желі қолданушылары таңданысын жасыра алмады.

“Сара, жүрек жұтқан қыз”, “Сыпыртқыға жетпей-ақ жүрегім тоқтап қалар еді”, “Міне батылдық. Менің қызым осылай секірсе өзім сабайтын едім”, “Қорқыныщты ғой, секірмес едім”, “Мықты екенсіз”, – деп жазды желідегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары