Әнші Төреғали Төреәлінің Астанадағы концерті өтпейтін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратты Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның баспасөз қызметі растады.
"7 шілдеде Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда Төреғали Төреәлі мен Әбдіжаппар Әлқожаның концерті өтеді деп жоспарланған болатын. Кеше, 22 маусымда концертті ұйымдастырушы концерттің болмайтынын хабарлады. Демек бұл концерт біздің залда өтпейді", - деп хабарлады филармонияның баспасөз қызметі.
Бұған дейін Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық кодекстің 308-бабы "Билік өкілін қорлау" бойынша қылмыстық іс тіркелгені белгілі болды.