Осыған дейін Айгүл Иманбаева отандық бағдарламаның бірінде ұлының бала күнінде әкесі мен Алтынай Жорабаеваның үйінен ренжіп қайтатынын айтқан болатын. Әнші Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында осыған қатысты пікір білдірді, деп жазады nur.kz
"Өткенмен өмір сүру қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз? Өткенді езе бергеннен жан тыныштық таба ма? Бұл өмірдің рахаты айналаңа қарап, шүкір етуден тұрмай ма? Айгүл Иманбаеваның сұхбатын маған жібере берген соң, осы жерге жазуды жөн көрдім. Себебі, көбі сол сөзге сеніп отыр. Мына нәрсені түсінбеймін… Егер Айгүлдің ұлы Асылжанның реніші болса, неге оны Сәбит (Әбдіхалықов - ред.), Айгүл (Иманбаева - ред.), Асылжан (Әбдімүтәлиев - ред.) үшеуі отырып, әңгімелесіп шешпейді? Міндетті түрде фильм түсіру керек пе? Мақсат не? Әлде осылай хайп жасау арқылы қаралым жинаймыз деп ойлай ма екен? Бір концертте Айгүл "Кел, Жорабаева! Бірге фото салып қояйық, жұртқа азық болсын" дегенде таңғалғанмын. Айгүл Иманбаеваның "Алтынай тәте жақтырмайды деп жылап келетін" деген әңгімесі басқаша болған. Осы нәрсені маған Айгүл айтқанда, таңғалып "Мүмкін емес. Керісінше, Асылжан мен әкесі аралассын деп мен айтып едім ғой. Сендер ашуға салынып, екі жақтан қарсы болдыңдар" дедім. Керісінше, мен анамын ғой. Олай болуы мүмкін емес дегенде, Айгүл Асылжан әкесін қызғанатынын айтқан болатын. Кейін мен "Асёка, мен сені жақтырмайтын мінез көрсеттім бе?" деп Асылжанның өзіне айтқанымда, "Жоқ, оны қайдан естідіңіз?" деген. "Анаң айтты" деп едім. "Мен ондай нәрсе айтпадым" деді. Сонда кім өтірік айтып отыр? Негізі, Сәбит туралы, Айгүл туралы айтатын болсам, сорақы әңгімелер көп қой. Оны елге жариялап керегі қанша? Өткен іс өтті. Өткенді езгеннен ештеңе шықпайды. Солай болу керек, хайырлысы деп қабылдаймын. Өмір тамаша ғой", - деп жазды Алтынай Жорабаева.