Әншілікті тастап, кино өнеріне бет бұрған Фариза Ескермес балалы болуға асықпайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқырманның: “Балалы болуға дайынмын деп ойлайсыз ба?” деген сауалына актриса: “Жоқ, дайын емеспін. Денсаулық жағы біраз алаңдатып тұр. Ағзамда темір азайып кетіпті. Соны дұрыстап алайын, кейін көрерміз. Бірақ ана болу – армандарымның бірі”, – деп жауап берді.
Сондай-ақ өнер иесінің өзі жайлы алып-қашпа сөз бен теріс пікірлерге еті үйреніп қалғаны сонша, мүлдем мән бермейтін көрінеді.
“Егер 32 жастағы қыз әлі тұрмысқа шықпаған болса, оны жас деуге келе ме?” деген сұрақ та жауапсыз қалмады.
“Тұрмысқа шығу” деген сөзді біздің қоғам миымызға сіңіріп тастады. Қанша дегенмен, қазіргі таңда тұрмыста бақытты өмір сүріп жатқан әйелді кездестіру екіталай. Қысқасын айтқанда, мұның бәрі бос әңгіме. Ешкімді тыңдамаңыз. Қаласаңыз тұрмысқа шығыңыз, қаламасаңыз тағы өз еркіңіз. Өзіңізді жас сезіну немесе сезінбеу де сіздің таңдауыңыз, өзіңізге байланысты. Біз тек қана таңдау жасаймыз”, – дейді Фариза Ескермес.