$ 524.58  551.91  4.93

«Зорға көшті ғой». Әнші Бүркіт ата-анасын қолына алғанын айтты

Көпшілік өнер иесінің ата-анасына ұзақ ғұмыр тілеп, жақсы тілектерін айтқан.
фото: Instagram/burkit_aibek
фото: Instagram/burkit_aibek

Танымал әнші Бүркіт ата-анасын қолына көшіріп алған. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Massaget.kz.

Ал Аллаһтың қалауымен, әке-шешемізді Алматыға, өз қолымызға көшіріп алдық! Зорға көшті ғой, ой Алла! - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары өнер иесінің ата-анасына ұзақ ғұмыр тілеп, жақсы тілектерін айтқан.

Дұрыс жасағансың, Айбек. Ата-анаға қандай құрмет көрсетсең, бала-шаға өзіңе қайтарады.

Айбек айналайын ұл болса сендей болсын. Таразда ата-анаң тұрғанда кез келген уақытта қастарында едің енді бірге тұрасыңдар.

Қандай керемет! Өмір жастары ұзақ болсын! 

Борышыңды орындадың.

Қандай керемет жарайсың, Бүркіт. Ата-анаңызды қартайған шағында қолынызга алып балалық парызыңызды өтеп жүрген саған Аллаһым разы болсын, жарайсың басқа да жастарға өнеге көрсетіп жүрсіңдер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары