$ 443.44  480.51  4.88

Зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай үйленді (ВИДЕО)

Желіде екі жастың тойынан фото-видеолар тарады.
Фото: thevoicemedia.kz
Фото: thevoicemedia.kz

Видеодан танымал өнер иесі Әмренің қонақ болып, ән шырқағанын көруге болады, деп жазды Caravan.kz.

Желі қолданушылары отау құрған жастарға құттықтау-тілектерін толассыз жазуда.

Зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай үйленді

Кенжебек Нұрдолдай Ақмола облысында дүниеге келген. Музыканттың көзі туғанынан көрмейді. Ол жеті жасынан бастап көру қабілетінде ақауы бар балаларға арналған қарағандылық интернатта тәрбиеленіп, сол жерден музыканы үйренген. Кенжебек алғаш рет үлкен сахнаға 13 жасында шыққан. Ол мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Жұлдызай" фестивалінде өнер көрсеткен. 

 Көз жанарынан айырылған әнші, әрі музыкант қалың көпшілікке әлеуметтік желі арқылы танылып еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары