$ 443.37  474.49  4.83

«Екі рет дуа салынған»: Жазира Байырбекованың бет-ауызы қисайып, көзі жабылмай қалған

Медицина саласына барсақ, жүйке шаршаған дейді.
Фото: 31арна
Фото: 31арна

Әнші Жазира Байырбекова өзіне бірнеше рет дуа жасалғанын баяндап берді. "Менің өмірім" бағдарламасында өнер иесі бет-ауызы қисайып, көзі жабылмай қалған кезін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бір кездерде қатты ауырғаным бар. Мен кәдімгідей бүкіл денеммен сұлқ етіп құлағаным бар. Бет-ауызым қисайып, көзім жабылмай қалған кездер болды.

Мен енді әртүрлі мамандарға бардым. Жанболат емші, молдаға бармайтын. Ондайды жақсы көрмейтін. Бірақ мен ауырған кезде өзі де жүгіріп кетті. Медицина саласына барсақ, жүйке шаршаған дейді. Молдаларға барғанда көз тиген деді. Құмалақ салатындарға барғанда, дуа салынған дейді. "Екі рет дуа салынған. Жиырма жыл бұрын бір рет, он жыл бұрын бір рет салынған. Соның бәрі шыққан" деп үш-төрт жерде айтты. Психологтар жүйке шаршаған дейді. Әр маман өз тілінде сөйлейді.

Бәріне де емделдім. Бірақ ем қайсысынан болғанын білмеймін. Бір Құдай ғана біледі. Жаман нәрсеге сенгім келмейді. Дуа салынған болса, оны салған адамдар да менің басқа адам екенімді көріп, мені жақсы көріп кетті деп сенемін. Мен бәрін кешірем, - деді Жазира Байырбекова. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары