$ 494.87  520.65  4.91

«Ол кісінің қызметі бар. Мен әлі баламын»: Гүлнұр Оразымбетова неге ерте тұрмысқа шыққанын айтты (ВИДЕО)

Оңай болған жоқ.

Белгілі әнші Гүлнұр Оразымбетова неліктен ерте тұрмысқа шыққанын айтты. 20 жасында отбасылы болған өнер иесі «Мамский әңгіме» бағдарламасында жан сырын ақтарды, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды. 

Менде оны (ерте тұрмысқа шыққаны жайлы - ред.) ойлайтындай мүмкіндік болмады. Солай болды. Шынымды айтсам, өмірімде жігітпен қол ұстасып жүрген емеспін. Өзі (күйеуі - ред.) тауып алды. Оңай болған жоқ. Себебі, қанша дегенмен ол кісінің қызметі бар. Мен әлі баламын. Бірақ ол кісі солай шешім қабылдаса, мен бала болсам да, сөйлесе алғаным ғой. Мен әжемнің қызы болдым. Үлкен кісілердің тәрбиесін көрдім. Бала кезде жеңгелерім «Кемпірлер секілді сөйлемеші. Осы қыздан қалдық қой» дейтін. Менің ойымша, ер мен әйелдің қарым-қатынасы сөйлесе алудан тұрады. Мен қанша шаршап тұрсам да, жолдан келсем де, бес минут болсын сөйлесемін. Кейде ол кісіге бес минут аз болып жатады, - деді Гүлнұр Оразымбетова. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары