$ 494.87  520.65  4.91

«Басқа күнді таңдауға болмас па еді»: Ақерке Бүркітбай алғаш рет Әлидің өзіне қалай сөз салғанын айтты

Ақеркенің айтуынша, ол өзіне ұсыныс жасалатынына соңына дейін сенбей келген.
Фото: youtube.com/@momskiy_angime
Фото: youtube.com/@momskiy_angime

Ақерке Бүркітбай "Мамский әңгіме" подкастында Әли Оқаповтың оған қалай сөз салғаны туралы баяндап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әншінің сөзінше, ол Әли Оқапов арасындағы қарым-қатынасы туралы жария еткісі келмеген.

Енді тіпті жасырып жүрдік деп те айта алмаймын. Тек әлеуметтік желіге салмадық. Мүмкін содан болар көп адамның білмегені. Жақындарымыз, қасымызда күнделікті араласатын достарымыз әрине, біліп жүрді. Жариялағымыз келмеді, - дейді ол.

Оның сөзінше, осы жылы оның отбасылы болғанына үш жыл толады. Бұл ретте әнші Әли Оқаповтың өзіне ұсыныс жасаған сәтін еске алды. Айтуынша, бұл ол үшін нағыз тосынсый болған.

"Сөз салғаны, шынымды айтсам, өте қызықты болды. Мен күткен жоқпын. Мен сол сөз салған уақытқа дейін үш күн түсірілімде жүргенмін. Сериалдың түсірілімінде... Үш күн бізде кешкі түсірілім болатын. Менде басты рөл болатын сериалда. Ал күндізгі уақытта менде жарнаманың түсірілімі болды. Мен солай бір уақытқа бірнеше жұмысты алып қойыппын. Үш күн ұйықтамаған кезім еді. Неге екенін білмеймін, ол дәл сол күні үш күн ұйықтамаған кезімде шешім қабылдады ғой сөз салуға. Кейін айтамын ғой, басқа күнді таңдауға болмас па еді, мен кішкене қыз болып, көйлек киіп, әдеміленіп, шаршамай деген сияқты...", - деп бөлісті ол.

Ақеркенің айтуынша, ол өзіне ұсыныс жасалатынына соңына дейін сенбей келген. Тіпті бір кездері "Мен алдандым" атты қазақстандық жобаның форматындағы әзіл ме деп ойлаған. Алайда Әли сөз салған кезде ол әсерлі сезімді бастан кешкенін айтады.

"Ойымда түк жоқ, көлікте келе жатырмын, ойлаймын: "үш күн мен осы күндерді уайымдап едім, жақсы жұмыс істедім, бәрі бітті, құдайға шүкір", деп. Трамплинге көтеріліп жатырмыз, гүлдер, адамдар, күн батуда... Данияр (Өтеген - ред.) алда отыр, рульде жүргізуші. Мен қарап қойып айтамын: "Данияр, қарашы, бір қызға сөз салып жатыр. Қандай бақытты, күннің батуы, достары тұр. Супер", - деп қоямын. Ойымда түк жоқ, тіпті маған ұсыныс жасайын деп отыр-ау деген ой жоқ. Келдім, түстім, қараймын. Біздің достарымыз жүр. Тимур, Лаура барлығы жүр.

Дос қыздарымыздың ішінде басы босы кім, соның біреуіне ұсыныс жасалғалы жатыр деп ойладым. Сосын Әлиді көрдім, оның үстіне, жан-жағыма қараймын. Бір жоба бар еді ғой "Мен алдандым" деген. Сол ма деп ойладым. Соңына дейін сенбедім. Еркебұлан мен Маратты іздеп тұрмын ("Мен алдандым" телешоуының жүргізушілері - ред.). Кейін Әлиді көрдім. Ол бері қарай ұшып келе жатыр. Қолында гүл, түсінбеймін. Үстіме қарап қоямын, үстімде футболка, джинсы, сосын бір күнде біз 300 бас киім түсіргенбіз жарнамаға. Шаштың жағдайын енді өзің біліп тұрсың.

Ішімнен ойлап тұрмын: "туф, мен көйлек киіп келетін едім ғой білгенде", - деп қоямын ғой. Сезе бастадым. Өйткені, Әли шығып келе жатыр алға қарай. Достарымыздың бәрі тұр, қолында гүл мен сақина. Сол кезде енді шынымды айтайын, жылап жібердім қуаныштан. Бәлкім, күтпегендіктен шығар... Өте бір сондай әдемі, өте бір ерекше, есте қаларлық сәт болды", - деп әңгімеледі актриса.

Ақерке Бүркітбайдың айтуынша, Әли Оқапов оған 2020 жылғы 8 шілдеде ұсыныс жасаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары