$ 441.58  480  4.86

Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваға су жаңа көлік сыйлады (ВИДЕО)

Ол шамамен 21 млн теңге тұратын көлік сыйлаған.
Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

"Асыл" тобының солисі Ақерке Бүркітбай Instagram желісінде енесі Роза Рымбаеваға күйеуі жасаған сыйлығын көпшілікке бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақерке Бүркітбайдың айтуынша, кеше, 10 шілде күні таңертең Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваға шамамен 21 млн теңге тұратын Geely Manjaro маркасының көлігін сыйлаған. Алайда Ақерке барлық видеоны желіге тек барлығы өткеннен кейін, яғни, келесі күні шығаратынын айтты.

Кеше отбасымыз үшін әдемі күн болды. Әли анамызға жаңа көліктің кілтін табыстап, сыйлық жасады. Жаңа модельді, өте әдемі түсті. Құтты, берекелі көлік болсын, - деді Ақерке Stories бөлімінде.

Сондай-ақ Әлидің анасына жасаған сыйлығы желі қолданушыларын сүйсінтті.

"Роза апамызға керемет сыйлық", "Әли, жарайсыз, осылай анаңызды қуантып жүріңіз, деді желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары