$ 514.65  544.6  5.17

«Екі бала туып берсең, алып беремін». Танымал блогер әйеліне 50 млн теңге тұратын көлік сыйлады

Әйелі көптен бері бұл сыйлықты армандап жүрген.
Фото: Instagram / @daricorn.rr
Фото: Instagram / @daricorn.rr

Отандық әнші Дархан Жолшыбеков әйеліне құны 50 млн теңге тұратын BMW маркалы кабриолет сыйлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстандық әнші Daricorn Instagram желісінде күйеуі жасаған сыйлығын көпшілікке бөлісті.

Егер кабриолетте аяғы ауыр сұлуды көрсеңіздер, бұл мен. Ұмытылмас сыйлық үшін рахмет, - деп жазды Daricorn Instagram-дағы жазбасының сипаттамасында.

Дархан Жолшыбековтың айтуынша, әйелі көптен бері бұл сыйлықты армандап жүрген.

"Дариғаға 50 млн теңгеге сыйлық алдық. Бірақ осы сыйлықтың бір тарихы бар. Неге дәл осы сыйлық? Дари екеуіміз үйленбегенбіз. Енді танысып жүрген кезде әңгімеден әңгіме шығып, Даридан сұрадым "сен қандай көлікті армандайсың?"деп.

Ол үсті ашылатын кабриолет деді. Шарфымды орап аламын. Әл-Фарабиден шарфым ұшып кетіп бара жататын боламын" деді. Сол кезде "екі бала туып берсең, мен саған сондай алып беремін" дедім. Ондай ақша тұрмақ, өзімде мұндай көліктің бір дөңгелегі де жоқ қой ол кезде. Отбасым үшін жұмыс істеп жүрмін ғой енді. Алла тағала сол ниетіме "мә саған" деп беріп тұрғанына мен шүкіршілік еттім", - деді Дархан Жолшыбеков. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары