$ 443.37  474.49  4.83

«Судан шыққан тауық болдым»: Қайрат Нұртас мал қорада концерт қойған (ВИДЕО)

Түр әбіржіп кеткен.

Қайрат Нұртас алыс ауылдарда сахна болмағандықтан, қорада концерт қойған кезін еске алды. Бұл туралы «Көп Культура» подкастына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. 

Енді мен Қазақстанның түкпір-түкпірінде болдым. Бүкіл ауылдарда... Концерт қоймаған жерім жоқ. Тіпті, кейбір жерде сахна болмай, қорада концерт қойған кезім болды. Қорадағы бүкіл малды сыртқа шығарып, су сеуіп, сыпырып, тап-таза қылып, сиыр, қой асырайтын жерлерде концерт қойдым. Ең қызық оқиға Ақтауда болды. Ақтаудың арғы жағында бір қала бар, атын ұмытып қалдым. Ол жақта шыбын өте көп, күн қатты ыстық екен. Телефонда байланыс та ұстамайды. Гастрольде жүргеніме 27 күндей болған. Түр әбіржіп кеткен. Өзім рульдемін. Анам қасымда. Жаңағы жерде концерт қойып жатырмын. Өзім аппақ киіммен шыққанмын. Үшінші әнімде су тер болдым. Шыбын көп, халықтың буы... Судан шыққан тауық мен боламын ғой (күлді). Ең қызықты концерт сол жерде болған, - деді Қайрат Нұртас. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары