$ 443.37  474.49  4.83

Марқұм Жанар Хамитоваға ұқсайтын әнші: «Тағдырым ұқсамасын»

Біз адам баласы - алдымызда қандай сынақ, қандай қиындық немесе қуаныш пен шаттық күтіп тұрғанын білмейміз.
Коллаж: Stan.kz
Коллаж: Stan.kz

Ділназ Бердалиева есімді жас әншіні көпшілік Жанар Хамитоваға ұқсатты. Бойжеткен әлеуметтік желідегі парақшасында өнердегі әпкесі туралы жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жанар әпкемнің дүниеден озғанына үш жылдан асып кетіпті… Уақыт деген қандай, иә? Біз адам баласы - алдымызда қандай сынақ, қандай қиындық немесе қуаныш пен шаттық күтіп тұрғанын білмейміз. Бір рет берілетін өмірді мәнді де сәнді етіп сүруімізді Алла жазсын. Жанар әпкеме сырт келбетім иә болмаса даусым, шашым ұқсаса да, тағдырым ұқсамасын, – деп жазды Ділназ Бердалиева.

Желі қолданушылары да жас әншіге сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

“Ешкімге ұқсамайтын дара жолың болсын”, “Өнерің ұқсаса да, өмірің ұқсамасын”, “Иә, сені қатты ұқсаттым”, “Өмірің баянды болсын”, “Ұқсастық бар екен”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары