Ерке Есмахан биылғы жылдың қаңтарында өзінен бірнеше жас кіші әншіге тұрмысқа шықты. Өнер иесі өзінің жасына байланысты айтылатын сынды қалай қабылдайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ерке Есмахан Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап берген. Әншінің тыңдармандарының бірі Еркеден "Сізді неге кемпір дейді? Тек сан болмаса, жас қыздардан жас көрінесіз", - деп сұраған. Ал Ерке Есмахан өзіне айтылатын бұл сынға қандай көзқараста екенін айтты.
Күйеуім өзімнен кіші болғасын, тиіскен түрлері ғой. Дым уайымдамаңыз, келіп-кетері жоқ сөз. Керісінше, "аумин" деймін. Алла ұзақ жас беріп, мен - кемпір, Раим - шал боп, бала-шаға, немере мен шөберенің арасында отыруды бұйырсын, - деп жауап берді Ерке Есмахан.
Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмахан мен Райымбек Бақтыгереев (Раим - ред.) биылғы жылдың қаңтарында мұсылманша неке қидырды.