$ 489.06  536.21  5.05

«Күресіп жатырмыз»: Нұрлан Еспанов алғаш рет әйелінің сырқаты туралы сөз қозғады

Сынақты көтере алатын адамға береді.
Фото: "Менің өмірім" бағдарламасы
Фото: "Менің өмірім" бағдарламасы

Әнші әрі композитор Нұрлан Еспанов сүйген жарының сырқаттанып жүргенін айтты. Бұл туралы "Менің өмірім" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Депрессияға түсіп кеткенім де сол... Ол менің сүйіп қосылған жарым, шын мәнінде келіншегімді жақсы көремін. Отбасы, бала-шағалы, немерелі болған соң, алаңдайтыным бар. Балаларымның анасы. Кей кезде ауырып қалады.

Кішкене қараймыз. Уайымдаймыз. Сол кісі ауырмаса, мен көңілді жүре беремін. Ол кісі ауырып қалса, мен де кетемін тұңғиыққа. Қазір Аллаға шүкір, жақсы. Арасында ауырып қалатыны бар енді. Бірақ енді күресіп жатырмыз.

Сынақты көтере алатын адамға береді ғой... Көтеріп жүрміз енді. Қазір ұйықтамағаныма 40 күн болды. Жолда жүремін. Ешкімнің көңілін қалдыра алмаймын. Жан-жаққа шақырады, баруым керек. Қазір бір жағынан ақшаны тек тойдан табамыз", - деді әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары