Жас әнші Еркеш Хасен әлеуметтік желідегі парақшасында достарына өтініш айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құрметті, достар! Бәріне бір айтайыншы. Менің қазір продюсерім бар. Баяғыдай өз-өзіме басшы емеспін. Соны дұрыс түсініңіздер. Сахнада жалғыз тұрғаныммен, сахна артында еңбектеніп жатқан үлкен штат, команда бар. Бір қуанышқа шақырып, ол жерге бармасам, "Жұлдыз болып кеткенсің бе?" дейтін әңгімені естігім келмегесін жазып отырмын. Бір-бірімізді көтермелеп, дұрыс жағынан түсінейікші, - деп жазды Еркеш Хасен.