$ 439.43  473.31  4.82

«Өзіңсіз өткен бес жыл…». Димаш Құдайберген марқұм Денис Тенге жантебірентерлік жазба арнады

Айта кетейік, Денис Тен 2018 жылғы 19 шілдеде Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелері қиылысында көлік ұрыларымен қақтығыс кезінде қаза болды.
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Танымал әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм досы Денис Тен туралы жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Жаның жәннатта болсы, досым. Өзіңсіз өткен бес жыл… Еліміз үшін жасаған ерліктеріңді ешқашан ұмытпаймыз”, – делінген жазбада.

Димаш Құдайберген жантебірентерлік жазбасымен желі қолданушыларының да көңілін босатты.

“Оның өмірі сондай қысқа болды, бірақ ол жарқын әрі лайықты ғұмыр кешті”, “Жадымыздасың, Денис”, “Бес жыл өтіп кеткеніне сене алар емеспін”, "Өте өкінішті, жүрегіміздесің”, – деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Денис Тен 2018 жылғы 19 шілдеде Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелері қиылысында көлік ұрыларымен қақтығыс кезінде қаза болды. 21 шілдеде қазақстандықтар Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары