$ 443.35  475.54  4.82

Продюсер Баян Алагөзова тағы да әже атанды

Менің қызым екінші рет ана атанды.
Фото: Instagram.com/bayanmaxatkyzy
Фото: Instagram.com/bayanmaxatkyzy

Продюсер әрі актриса Баян Алагөзова жиенді болды. Қызы Айсәуле Бақытбек екінші қызын дүниеге алып келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баян Мақсатқызы сүйінші жаңалығын Instagram желісінде жариялады.

Әйгілі Алматы кептелісінде тұрғанымда, уақытты босқа өткізбеу үшін жақсы жаңалығымды бөлісейін. Бүгін, 2023 жылғы 20 шілдеде үлкен, бірлігі жарасқан отбасымызда тағы бір адам пайда болды. Менің қызым екінші рет ана атанды. Бұл дүниеге сұлу, дені сау, бақытты қыз әкелді, соған сенемін, – деді ол.

Үлкен жиені 2022 жылдың қаңтар айында дүниеге келген еді. Қызы Айсәуле Әлішер Қайдаровқа тұрмысқа шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары