$ 441.58  480  4.86

Нұрболат Абдуллин жақында бостандыққа шыққан Төреғалимен видео жариялады

алантты қадірлемеу халықтың намысына тиеді.

14 маусым күні Алматыда есірткіге мас күйде көлік жүргізіп, полицияға ұсталған Төреғали Төреәлі жақында бостандыққа шыққан еді. Әнші Нұрболат Абдуллин Instagram парақшасында Төреғалимен түскен видеосын жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрболат Абдуллиннің айтуынша, талантты қадірлемеу халықтың намысына тиеді.

Төреш бауырымды көріп, бір марқайып қалдым. Талант - халық қазынасы. Талантты қадірлемеу халықтың намысына тиеді, - деп жазды Нұрболат Абдуллин.

Еске сала кетсек, 14 маусымда әлеуметтік желілерде Алматыда жол бойында полиция қызметкерлерінің Lexus көлігінің жүргізушісін ұстаған сәтінен видео тараған еді. Куәгерлер ұсталған азаматтың танымал әнші Төреғали Төреәлі екенін байқаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары