$ 498.34  519.72  4.85

Қыран Талапбектің қазіргі әйелі бірінші некесі жайлы айтты

Оны жасырудың қажеті жоқ деп ойлаймын.
Фото: instagram.com/gulzada_tl
Фото: instagram.com/gulzada_tl

Айжұлдыз Адайбекованың бұрынғы күйеуі Қыран Талапбек жақында екінші рет шаңырақ көтерді. Қыран Талапбекке тұрмысқа шыққан актриса Гүлзира Тұрлаш Soul üşın бағдарламасында бірінші некесі жайлы айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Тұрлаштың айтуынша, ол өткені жайлы жасырмай айтуға шешім қабылдаған.

Халықтың алдында жүргеннен кейін ондай дүние айтылуы керек. Оны жасырудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Иә, мен 16 жасымда сериалға түсе бастадым. 17 жасымда бұрынғы күйеуімді кезіктірдім. Кейін тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Ата-анам қазақи, қатал тәрбиемен өсірді. Анам "Алғаш білегіңді ұстаған жігітке тұрмысқа шығуың керек. Кездесу деген нәрсе болмайды" дейтін. Тіпті кешкі сағат 6-7-ге дейін ғана жіберетін. Жанымда үнемі ағаларым жүретін. Туған күн болса, құрбыларыммен қыдырсам, әкем мені есік алдында күтіп отыратын. Осындай қаталдықта өстім.

Мүмкін соның әсері болар, алғаш кездестіріп, жақын сөйлескен жігітке тұрмысқа шықтым. Меніңше, бір адаммен бір минут жақсы уақыт өткізсең де, ол туралы жаман нәрсе айту дұрыс емес. Сол себепті біреуді балағаттағым келмейді. Мен де, ол да жас болдық. Екеуіміз де көп қателік жібердік. Ол адамға тек бақыт тілеймін. Ол өткен өмір. Оны қайта ашып, себебін ақтарғым келмейді. Бәрі бұйрықпен, Алланың қалауымен болады, - деді Қыран Талапбектің қазіргі жұбайы.

Айта кетейік, осыған дейін танымал мобилограф, блогер Қыран Талапбектің қайта шаңырақ көтергені белгілі болған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#үйлену #әйелі