$ 494.87  520.65  4.91

«Әттеген-ай»: Бағлан Әбдірайымов екінші фильмінің сәтсіз шыққанын мойындады

Сәтсіз проект болғаны өте өкінішті.
Фото: Таир Нұғман бағдарламасы
Фото: Таир Нұғман бағдарламасы

Әнші Бағлан Әбдірайымов көпшілікке ұсынған екінші фильмінің де сәтсіздікке ұшырағанын мәлім етті. Өнер иесі Instagram парақшасында өкінішін бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кім өзіне ор қазады дейсің? Ізденіс, даму, жақсы өмірге бәріміздің жанымыз құмар. Алайда, біз ойлаған нәрсе бола бермейді. Сәтсіз проект болғаны өте өкінішті. Кино қалың көрерменнің ойынан шықпады. Жаңа бағыт, жаңа стиль жасап, көрерменді қуантамыз деп едік, әттеген-ай! Бұл жағдай менің басымнан өткен. Бұл жолы басқаша, қамығуға, жығылуға, күрсінуге дым ниет жоқ. Өмір мұнымен тоқтап қалған жоқ. Адал еңбек, маңдай тер, кеткен уақыт өз жемісін берері сөзсіз. Деніміз сау, басымыз аман. Бұл да өтер, сенімдімін. Тағы да шыңдаламыз. Жақсы күнде, жақсы жаңалықпен жолығамыз, - деп жазды Бағлан Әбдірайымов.

Әншінің бұл жазбасына желі қолданушылары түрлі пікір білдірген.

"Сізге жақсы мамандар керек", "Мүмкін, кино сіздің тема емес шығар", "Халық арзан комедиядан шаршаған", "Түнде фильмді көруге бардық. Залдан халық ашуланып шықты. Уақытын, ақшасын құртқан көрерменге обал", "Маған ұнады, жақсы дүние шыққан", "Тек қана алға", "Ер жігіттің басына нелер келіп, не кетпес", "Жолдасым "жақсы бір кино таңдашы"деп айтқан соң, осы киноға билет алып едік. Кинода отырып, жолдасымның бетіне қарай алмадым ғой. Залдан ашуланып шықты. Көңіл күй түсіп кетті", "Жұмыс жасамаған адам ғана қателеспейді", - деді желідегілер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары