$ 443.35  475.54  4.82

Екі бірдей фильмі сәтсіз шыққан Бағлан Әбдрайымов тағы да кино түсірмек

Бізде жаза емес, құмар ойынның тақырыбын ашқызбайды.
Фото: newsroom.kz
Фото: newsroom.kz

Танымал әнші Бағлан Әбдрайымовты кино саласындағы сәтсіздіктері тоқтатпады. Өнер иесі бұл салада үшінші рет бақ сынамақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бағлан Әбдрайымов үшінші киносын таспаламақ. Туындының тақырыбы да әншіге таңсық емес.

Бізде жаза емес, құмар ойынның тақырыбын ашқызбайды. “Zero” киносының жолын байлағанын білесіздер. Құдай қуат берсе, бұл тақырып жайлы тағы кино түсіргім келеді. Айтылмаған сыр көп, – дейді әнші.

Өнер иесінің оқырманы оған қандай тақырыпта кино түсіру керегін айтып, түрлі нұсқалар ұсынды. Оқырманның: “Киноны ат немесе көкпар жайлы түсіру керек едіңіз. Ат пен намыс сіздің барыңыз бен нарыңыз екенін білемін. Қазақтың намысшыл жігіттерін көрсете отырып, бұл тақырыпты сіз ғана аша аласыз.

Ойланып көрерсіз” деген пікіріне Бағлан Әбдрайымов: “Сын, пікір, ой осылай жүйелі болу керек. Кемшілік айтамын деп қарғысқа ұқсап кеткенін де көріп жүрміз”, – деп жауап берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары