$ 494.87  520.65  4.91

Рүстем Жүгінісов хиджаб киіп, селкілдеп билейтін бойжеткендерді сынады

Айтуынша, құлшылықты ойынға айналдырып, неше түрлі TikTok түсіріп, билеп, секіруге болмайды.
Фото: instagram.com/zhugunussov
Фото: instagram.com/zhugunussov

Әнші ретінде танылған Рүстем Жүгінісов хиджаб киіп алып, селкілдеп билейтін бойжеткендерді сынады, деп хабарлады turkystan.kz.

Instagram-ды ашып қалсаң, біздің қазақтың қыздары хиджаб киіп алған, неше түрлі әндерге секіріп билейді. Біреудің дауысын қойып қояды да, соған аузын жыбырлатады. Бетін былай жақындатып түсіндіреді. Сіздердің әдеміліктеріңіз күйеулеріңізге. Әдеміліктеріңізді күйеулеріңізге сақтаңыздар. Сіздерге қанша көз қарайды, қанша еркектердің шахуаты оянады, қанша көз зинасына ұшырап жатсыңдар», – дейді ол.

Ол хиджабтың құлшылық, әуретті жабатын киім екенін алға тартады. Айтуынша, құлшылықты ойынға айналдырып, неше түрлі TikTok түсіріп, билеп, секіруге болмайды.

Хиджабтағы әпке-қарындастарға насихат! Ұнаса да, ұнамаса да ащы шындықты қабыл алыңыздар! Солай өзін танытып жүрген блогер ухтиларға жіберіңіздер, мүмкін пайдам тиіп қалар. Кейде адамдардың разылығын іздейміз деп, Алланың разылығынан айырылып қалуымыз мүмкін. Сондықтан да адамдарға жағамыз деп, Аллаһ Тағаланы ашуландырып алмайық! – деді Рүстем Жүгінісов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары