06.08.2023, 16:30

«Күйеуге бермесеңдер, қашып кетем»: Sabirkin ерте тұрмысқа шығуына ата-анасының қарсы болғанын айтты

фото: Мамский әңгіме
Ол тұрмысқа шыққан кезде 19 жаста болғанын, күйеуі өзінен алты жасқа ұлкен екенін атап өтті.

Sabirkin атымен танылған блогер, актриса 19 жасында тұрмысқа шығатын кезде ата-анасы мен туыстарының қарсы болғанын айтты. Бұл туралы блогер Сабира Жарасқызы "Мамский әңгіме" подкастында әңгімелеп берді.

Бірнеше отандық киноларға түсіп үлгерген Сабира Жарасқызы көрермендермен тұрмысқа шығу оқиғасын бөлісті. Ол тұрмысқа шыққан кезде 19 жаста болғанын, күйеуі өзінен алты жасқа ұлкен екенін атап өтті.

Бұл қыз әлі тұрмысқа шықпайды. Жұмыс істеп карьеристка болады деген қыздардың қатарынан болдым. Оған бәрі сенімді болды. Тұрмысқа шығатынымды ешкім күтпеді. Бәрі шок болды. Ол әлі балаға ғой деген сөздер көп болды, - деді ол сұхбатында.

Актриса тіпті тойда да ата-анасының жүздерінде қуаныш болмағанын жеткізді. Оның сөзінше, қыздарын әлі кішкентай санап, тұрмысқа дайын емес деп қорыққандарынан. Алайда қазір әкесі мен күйеу баласының қарым-қатынасы өте жақсыекенін атап өтті.

Мен тез, аяқасты жолықтырдым махаббатымды. Бұның бәрі қалай болып кетті деген ойлар өзімде де болды. Әкем менімен сөйлеспей қалды. Мен әкемнің қызы болдым. Мнен ол үшін әлі кішкентай қыз болдым. Барлығы мама арқылы болды. Күйеуге бермесеңдер, мен қашып кетем. Соншалықты ғашық болғам ғой. Ғашық болғандықтан, маған бәрібір болды. Үйдің еркесі болып өскен соң шығар, - деді актриса.