$ 494.87  520.65  4.91

Әнші Өмірқұл Айниязов жалғыз ұлын үйлендірді

Өнер иесі ұлы мен келінін де көпшілікке көрсетті.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әнші Өмірқұл Айниязовтың жалғыз ұлы үйленіп, келін түсірді. Шаңырағындағы қуанышты жаңалықты өнер иесі Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айниязов былтырдан бері жалғыз ұлын тамыз айында үйлендіретінін және Семей өңірімен құда болатынын айтып жүрген болатын. "Аллаға шүкір, беташарды аулада өткізіп алдық. Той құтты болсын, ағайын", - деп жазды әнші.

Кейінірек өнер иесі ұлы мен келінін де көпшілікке көрсетті.

Келінді көрсетіп қояйын. Жастар бақытты болсын, - деді Өмірқұл Айниязов.

Сонымен қатар әнші ауласында өткен тойдың видеосын да бөлісіп, оқырмандарын қуантып қойды. Өмірқұл Айниязов ұлы мен келінінің және кенже қызының мейрамханада түскен суретін де оқырмандарына көрсетті. Ал желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, жылы лебізін жаудырды.

"Жастар бақытты болсын", "Келін құтты болсын", "Тойыңыз тойға ұлассын", "Келін ененің топырағынан деген. Енесіне ұқсап қалыпты", "Келіннің қадамы құтты болсын", - деп жазды желідегілер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары