$ 441.66  475.14  4.86

Димаш Құдайберген жаңа челлендж бастады

Бұл челленджді әлемдегі барлық жанкүйерлеріме және өнердегі әріптестеріме жолдағым келеді.
Фото: іnstagram.com/kudaibergenov.dimash
Фото: іnstagram.com/kudaibergenov.dimash

Белгілі әнші Димаш Құдайберген қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында челлендж бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ассалаумағалейкум, құрметті достар, отандастар! Хакім Абай атамыздың мерейтойы қарсаңында әдемі челлендж бастағалы отырмыз. Абай атамыздың дәл мен секілді жүректеріңіз қалаған кез келген шығармасын жаттап немесе оқып, дәл осылай бейнетаспаға түсіріп, желіге салып, тарататын болсаңыздар, челленджіміздің басталғаны деп білемін, - деді әнші Instagram парақшасы арқылы оқырманына жолдаған челленджінде.

Димаш Құдайберген бейнеүндеу барысында Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа оқыды.

Бұл челленджді әлемдегі барлық жанкүйерлеріме және өнердегі әріптестеріме жолдағым келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай, - деп атап өтеді әнші сөз соңында.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 10-тамыз «Абай күні» деп бекітіліп, мерекелер қатарына қосылды. Сондай-ақ, бүгін оқушылар арасында дәстүрлі республикалық Абай оқулары басталды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары