$ 444.14  477.05  4.85

«Тек тараздық емес»: Әсел Асқардың анасы үшінші күйеу баласының қандай болғанын қалайды?

Екеуі де сенің тырнағыңа да татымайды. Екеуі де саған лайық емес.
Фото: instagram.com/assel.askar
Фото: instagram.com/assel.askar

Белгілі блогер Әсел Асқардың анасы бұрынғы күйеу балалары жайлы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әсел Асқар әлеуметтік желіде анасына бірқатар сауалдар қойды. Ол қызының бұрынғы өміріне қатысты ойын айтып, сұрақтарға жауап берді.

“Мама, сенің екі күйеу балаң болды. Қайсысы жақсы болды?” деген қызының сұрағына анасы: “Екеуі де сенің тырнағыңа да татымайды. Екеуі де саған лайық емес”, – деп жауап берді.

Әсел Асқардың анасы үшінші күйеу баласының жөні түзу, жомарт ер азамат болғанын қалайды.

“Күйеу баламның жақсы, жөні түзу жігіт болғанын қалаймын. Тек тараздық жігіт  болмасын”, – дейді ол.

Сондай-ақ ол қандай жігіттерге тұрмысқа шықпау керегін айтып, қыз-келіншектерге кеңес берді.

“Қыздардың жалпы сараң жігіттерден аулақ жүргені дұрыс. Оның сараң немесе жомарт екенін білу үшін бір затты алып беруін сұраңыз. Егер алып бермесе, алып беруден қашқақтап, сараңдық танытып: “Арзанын алайық” десе жөніне жіберіңіздер. Бұл пайдакүнемдік емес. Махаббатың жөні бөлек. Әр әйел сүйіктісінен өтініш айтып, сұрай алады. Сәл қызғаншақ болғаны дұрыс, себебі онсыз қызықсыз. Ашуланшақ, долы жігіттерден қашу керек. Оның жүйкесі тозған болса, сен де ашушаң боласың”, – дейді Әсел Асқардың анасы.

Айта кетейік, бұған дейін Әсел Асқар анасына 2 миллион 320 000 теңге тұратын пластикалық отаға ақша беріп, сыйлық жасаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары