11.08.2023, 12:40

«Әруақтан аттай алмадық»: Рамазан Амантай отбасылық құпиясымен бөлісті

Фото: instagram.com/ramantay
Себебі ертең қызыңызға бірнәрсе болса, өмір бойы өкініп жүресіз.

Танымал актер Рамазан Амантай Massaget.kz сайтына берген сұхбатында қызының есімін Несібелі деп қоюға мәжбүр болғанын айтты. 

Актердің келіншегі айы-күні жақындап, босанайын деп жүргенде, түсіне Рамазанның атасы кіріп, аян берген көрінеді.

“Қыз туылайын деп жүргенде. Марқұм атам келінінің түсіне кіріп: “Мына туайын деп жатқан қыз менің орнымды басады. Алла несібесін мол қылып бөліп жатыр, деп атын Несібелі деп қойыңдар” деп айтыпты. Түскі уақытта мен ұйықтап жатсам, келіншегім мені оятады. Содан не керек, шошып оянып мен тұрдым. Ентігіп мән-жайды айтып берді”, – өнер иесі.

Болашақ қызына атасы айтқан есімді қоярдың алдында ұзақ ойланған.

“Содан сол түстен кейін әруақтардан аттай алмадық. Мен имамдармен ақылдастым. Несібелі деген есім өте тамаша есім. Дегенмен көнерген есім болғандықтан оны да уайымдадым, шыны керек. Имамдардан, ұстаздардан сұрадым. Ол кісілер: "Сол атты қойыңыздар деп кеңесін берді. Себебі ертең қызыңызға бірнәрсе болса, өмір бойы өкініп жүресіз" деді. Сондықтан сол атты қоюға тура келді", – дейді Рамазан Амантай. 

Айта кетейік, 2021 жылы Гүлфару есімді аруға үйленді. Ерлі-зайыпты бүгінде бір қыз тәрбиелеп отыр.