$ 443.37  474.49  4.83

«Тыңдап отырып, ұялдым»: ұзату тойда ән салған Қайрат Нұртастың әйелі сынға қалды (видео)

Желі қолданушылары Жұлдыздың даусы мен әншілік қабілеті жоқтығын алға тартты.
Фото:Фото: instagram/kair_n
Фото:Фото: instagram/kair_n

Актриса Жұлдыз Абдукәрімова енді әншілікке бет бұра бастады. Ол ұзату тойларының бірінде ән шырқаған, деп жазады актрисаның желідегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қызымызды ұзаттық. Арайжан, аттаған босағаң ақ болсын! Барған жерің құт болсын, бақытың еселеніп жұп болсын! Бағың баянды болсын!, - деп жазды актриса.

Осы орайда, Жұлдыздың ұзату тойда ән салғанын құптаушылар көп болды. Олар Жұлдыз секілд көпбалалы әрі үлгілі ананың қызды ұзатқанын жақсы ырымға балаған. Ал кейбір желі қолданушылары Жұлдыздың даусы мен әншілік қабілеті жоқтығын алға тартты.

"Осы жерден қоя саласың-ау. Тыңдап отырып, өзім ұялдым. Салтанат ұзатса - дауысы бар, Қарақат ұзатса - дауысы бар, ал енді сенікі - ұят. Жұлдыз, күтпедім сенен"; "Ренжімеңіз, бірақ ән айтқанда дауысыңыз жаман", - деп жазды желі қолданушылары. Айта кетелік, бұған дейін Жұлдыз Абдукаримова мен Айгүл Иманбаева дуэт орындаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары