14.08.2023, 17:40

«Таңғалдырудан жалықпайды»: америкалық жанкүйерлері Димашқа тосынсый жасады

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash
Кадрда Димаш бейнеленген плакатты ұшырып өткен ұшақты көреміз.

Әнші, музыкант Димаш Құдайбергеннің америкалық жанкүйерлері әншінің есімі жазылып, фотосы салынған плакатты Тынық мұхитының үстімен ұшырып өтті, деп хабарладйы Zakon.kz.

Димаш бұл тосынсыйды көріп, таңданысын жасырмады. Әнші жанкүйерлерінің 7 жылдық еңбегін, таңғалдыратын істерін ерекше атап өтті

7 жылға жуық уақыт бойы қымбаттылар мені таңғалдыруды тоқтатпайды. Бұл жолы америкалық фан-клуб Лос-Анджелесте ұшақпен шоу ұйымдастыру арқылы ерекшеленді. Көп рақмет! Жақсы көрем, - деп сипаттады Димаш видеоны бөлісіп.

Кадрда Димаш бейнеленген плакатты ұшырып өткен ұшақты көреміз. Ерекше миссия атқарып жүрген ұшақты жағалаудағы адамдар байқап, таңырқап қарап жатыр.